Ақтөбеде жолдан өтіп бара жатқан адамды көлік қағып, мерт болды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе қаласында жаяу жүргіншіні көлік қалып, артынша жүргізуші рөлге ие бола алмай қалды. Салдарынан өзге бір көлікке соқтығысты.
Ақтөбе қаласы Ақжар-2 елді мекенінде жол-көлік апаты болды. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.
— 13 қараша күні сағат 20:45 шамасында Ақтөбе қаласы Ақжар-2 елді мекені тұсында Лада Гранта маркалы көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Әрі қарай көлік бағытын өзгертіп, қарсы бетке шығып кетті. Сол кезде Лада Приора көлігімен соқтығысты. Екі жүргізуші ауруханаға түсті, — деді Ақтөбе облыстық ПД Патрульдік полиция командирі Айбар Меңдібайұлы.
Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында мыңға жуық жол-көлік апаты тіркелді. Онда 130-дан астам адам мерт болды. Көбіне жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығып кету дерегі тіркеліп жатыр.
Еске салсақ, ақтөбелік тұрғын екі ай ішінде 308 рет жол ережесін бұзды. Ол шетелдік нөмірлі көлікпен жүріп, жылдамдықты асырған. Сөйтіп 11,5 млн теңге айыппұл арқалады.