15:24, 25 Ақпан 2023 | GMT +5
Ақтөбеде жұмысқа шығып, із-түзсіз кеткен әйелдің денесі табылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 23 ақпан күні жүмысқа шығып, із-түзсіз кеткен әйелдің денесі табылды. Одан пышақ жарақаты анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін полиция мен еріктілер 1976 жылы туған Жанна Мұратқалиеваға іздеу жариялаған болатын. Ол 23 ақпан күні үйінен жұмысқа шығып, хабарсыз кеткен. Ал бүгін полиция департаментінен жоғалған әйелдің денесі табылғанын хабарлады.
«Ақтөбе облысында 47 жастағы әйел жұмысқа кетіп, оралмаған. Полиция қызметкерлері 25 ақпанда жедел-тергеу іс-шаралары кезінде 29 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Оның автокөлігінен пышақ жарақаты түрінде зорлықпен өлтіру белгілері бар жоғалған әйелдің мәйіті табылды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.