Ақтөбеде зираттар жекешелендіріліп, жерлеу қызметтері ақылы болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы зираттар ресми тіркеліп, жерлеу рәсімін өткізу қызметі ақылы болып кетті. Ендігіде, жер қазу, кірпіш жеткізіп, қалау қызметіне 100 мың теңгеден астам қаржы төлеу қажет. Тұрғындар жеке компанияның ұсынысынан бас тартуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе қаласы Қурайлы ауылының тұрғындары наразылықтарын білдіру үшін ауыл шетіндегі бейітке бірнеше күннен бері жиі барады. Себебі, бейітке қазір жеке компания жауапты, олар ақылы қызмет көрсету үшін өз бағаларын бекітіп қойған.
null 
null 
null 

«Біз ауыл тұрғындарынан жыл сайын 1 мың теңгеден жинап, бейіттің күтіміне жұмсап тұрдық. Тұрғындар ақшаны өз еркімен беріп, күзетшіге төлеп келді. Күзетші қорымды қарап, қажет кезде тазалық жұмыстарын жүргізді. Әрі қоқыс жәшігі орнатылды. Кейін тұрғындардың келісімінсіз бәрі жекенің қолына өтті. Біз ақылы қызметке қарсымыз»,- деді ауыл тұрғыны Светлана Гофман.

Ауыл маңындағы бейіт аумағы - 1 гектар. Мұнда мұсылман және христиан жоралғысымен адамдар жерленген.

«Бейіт қоршалып, күзетші белгіленген еді. Барлығын ауыл ақсақалдары ұйымдастырды. Жергілікті әкімдік кезінде қорымға қызмет көрсетуден, күтім жасаудан бас тартты. Қазір сатып алу, жалға алу туралы сөз шықты. Компания өз қызметін ұсынған кезде нақты баға белгіленді. Олар 20-25 мың теңгеге қабір қазып, 110 мыңгеге бейіт салынады деп отыр. Халықта ақша аз, садақа берген кезде әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға ауыр тиеді»,- дейді Қулайлы селолық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бақтығали Жармұқанов.

Ауыл тұрғындары ақылы қызмет салт-дәстүрімізге қайшы деп отыр.

Айта кетейік, қорым жері мамыр айында мемлекеттік сатып алуға шығарылған. Бұл жаңалықты жергілікті тұрғындар білмеген. Хабарды естіген кезде ауыл адамдары қарсылық көрсетіп, хат жазды. Барлығы 1600 тұрғынның арызы қазір жергілікті әкімдікке түскен.

«Қурайлы селолық округінде 7 бейіт бар. Оның екеуі - христиан, бесеуі мұсылмандар қорымы. Үш ай бұрын жер актісі рәсімделіп, тіркелді. Ақтөбе қаласы әкімдігінің шешімімен мемлекеттік сатып алу жүріп, «Бірыңғай жоралғы орталығы» ЖШС жеңімпаз болды. Ол компания Ақтөбедегі 50 қорымға қызмет көрсетеді. Қазіргі кезде келісімшартқа қол қою жұмыстары жүріп жатыр. Олар қоршау жасап, жерлеу рәсімін өткізеді. Жер 5 жылға жалға берілді. Ауыл тұрғындары қарсылықтарын білдіріп жатыр. Қазір жерлеу рәсімінің құны қайта қаралуда», - деді Қурайлы ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Аманбек Шалабаев.

Айта кетейік, қызмет көрсету ақысы бекітілген құжатта жаз мегзілінде экскаватормен жер қазу - 25, қыста 30 мың теңге. Ал қолына күрек алып жер қазған кезде баға екі есеге өсіп, 65-70 мың теңге болады. Ал қорым салу 105-110 мың теңгені құрайды. Қарапайым құжат рәсімдеу, орын белгілеу 10 мыңге болмақ.
null 

Соңғы жаңалықтар