18:06, 04 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Ақтөбедегі оқушы өліміне қатысты Бас прокурор пікір білдірді
АСТАНА. KAZINFORM – Ақтөбе облысындағы оқушы өліміне қатысты Бас прокурор Берік Асылов желідегі парақшасына жазба жариялады.
«Ақтөбе облысы Қопа ауылында оқушының қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысын жеке бақылауыма алдым. Бұл жағдай тәрбие берудегі кемшіліктерге байланысты орын алған, нәтижесінде жасы үлкен балалар кішілерге әлімжеттік жасап, бірін-бірін ұруға мәжбүрлеген», — делінген Бас прокурордың ақпаратында.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбенің Қопа ауылында жанжалдан соң оқушы көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Іле-шала облыстық білім басқармасында оқушылар арасындағы төбелес, жасөспірім өлімінің себеп-салдарын зерделеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды.