Ақтөбеден санитарлық авиациямен жеткізілген пациенттің жағдайы тұрақты түрде ауыр деп бағалануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Экстремистердің шабуыл жасауына және оларды жоюға байланысты төтенше оқиға салдарынан зардап шеккен Сырым Сүндетовтың жағдайы тұрақты түрде ауыр деп бағалануда. 10 маусым күні сағ. 22.40-та ол санитарлық авиациямен Ақтөбеден Ұлттық нейрохирургия орталығына (Астана қ.) жеткізілді. Пациент есінде, қазіргі кезде ол барлық қажетті ем алуда, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

 Ақтөбеден санитарлық авиациямен жеткізілген пациенттің жағдайы тұрақты түрде ауыр деп бағалануда

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарының мәліметінше, 05.06.2016 - 11.06.2016 ж. аралығында Ақтөбе қаласы стационарларына барлығы 39 адам жеткізілді, оның ішінде 4 адам облыстық ауруханаға, 33 адам жедел медициналық көмек ауруханасына, 2 адам теміржол ауруханасына жіберілді.

Аталған уақыт аралығында стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі деңгейінде 16 пациентке амбулаторлық емдеу бойынша  ұсынымдар берілді.

Барлығы зардап шеккен 23 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 3 адам стационарда қайтыс болып, 6 пациент ауруханадан шығарылды.

12:00-дегі (Астана уақыты бойынша) жағдайға сәйкес, Ақтөбе қаласының стационарларында 14 зардап шеккен азамат емделуде, олардың жағдайы орта деңгейдегі ауыр деп бағаланып отыр.