Ақтөбеге жолаушылар ұшағы апаттық қону жасады - ҚР ТЖМ

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні кешке Ақтөбенің халықаралық әужайына Як-40 ұшағы апаттық қону жасады,
None
None

 деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың ақпаратынша, апаттық қонудың алдын ала себебі - шассиінің ақаулығы. Ұшақ «Қазан-Ақтөбе» рейсін орындаған. Бортында 12 адам болған, олардың 4-еуі экипаж мүшелері.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар