Ақтөбелік балалар Елшінің шақыруымен Артекке демалысқа барады

АҚТӨБЕ. Шілденің  13-і. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ -   Ақтөбе   облысының   Т.Г.Шевченко  атындағы Қарабұтақ   орта мектебінің   10  оқушысы      тегін жолдамамен    бүгін   «Артек»  сауықтыру  лагеріне  демалуға аттанады, 
None
None

 деп   хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

 Қарабұтақ  ауылы -     кезінде  патша  пәрменімен украин  ақыны және  суретшісі   Тарас Григорьевич     Шевченко жер  аударылған       елді  мекен. Ауыл тұрғындары   украин   ақынын  құрметтейді: ауылда  Т.Шевченконың   ескерткіші   орнатылған,       орта мектепке  ақынның есімі  берілген.

 Қазақстанның Украинадағы   жылы - 2008   жылдың  қазан айында -    бауырлас  республиканың  Қазақстандағы  Елшісі Николай Селивон    Қарабұтақта  болып,  алыс қазақ ауылында    ұлы   украин  ақынын  құрметтейтінін  көріп,    таңданысын   жасыра алмаған  болатын.

 Сол  жолы  оқушылардың алдында сөз сөйлеген  елші Н.Селивон,   Қарабұтақ    оқушыларын  жазғы демалыста «Артекке»   демалысқа  шақыруға уәде берген еді.  Енді міне, Елші  өз уәдесін орындап отыр.     11-16 жас аралығындағы 10   оқушы   Қара теңіз жағалауындағы балалардың  атақты демалыс  лагеріне бүгін кешке   аттанады.

Соңғы жаңалықтар