Ақтөбелік футболшылар Түрікменстан құрамасын 1:0 есебімен жеңді

АЛМАТЫ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Өткен сенбі күні Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақтөбе» футбол клубы мен Түрікменстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесу өткізді.
None
None

Онда Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері түрікмен аяқдопшыларынан 1:0 есебімен басым түсті.  Ақтөбеліктердің қарсылас қақпасына соғылған жалғыз допты ойынның екінші жартысында енгізді (60-минут).  

Олар енді 28 ақпанда бұған дейін хабарланғандай Башқұртстанның Учалы қаласының «Горняк» емес, Ярослоавль қаласының «Шинник» командасымен өткізбек. Юрий Газзаев жаттықтыратын ярославтықтар Түркиядағы бұл жаттығу жиыннын бүгін ғана бастады. Олар Ресей Ұлттық лигасында 2010/11 жылғы маусымда 10-орын алған еді. Негізі 1957 жылы құрылған «Шинник»  2003 жылы Премьер-лига кубогының, ал 2003/04 жылы Ресей кубогының жартылай финалында өнер көрсеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар