Ақтөбелік интернационалист жауынгерлер Ауғанстаннан әскердің шығарылғанына 22 жыл толуын атап өтті

АҚТӨБЕ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбенің интернационалист жауынгерлері Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 22 жыл толуын атап өтті.
None
None

Өткен аптаның соңында студенттер сарайында интернационалист жауынгерлердің қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған қайырымдылық концерт өткен еді. Бірлестік төрағасының орынбасары Сейілхан Шудановтың айтуынша, концерттен түскен қаражат Ауған соғысына қатысып, мүгедек атанған жандарға өзара бөлініп, таратылды.

Ал бүгін Есет батыр көшесі мен Абай бульварының қиылысындағы қаза тапқан ауғандықтарға арналған ескерткіш жанында еске алу шарасы өтті. Бұл жерге Ауған соғысының ардагерлері, достары мен туыстары жиналды.

Ескерткіш 2006 жылы облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың шешімі бойынша қаза тапқан 26 ақтөбелік жауынгер және Ауған соғысында іс-түссіз жоғалып кеткен өңірдің тағы бір жауынгері құрметіне салынған болатын.

Жергілікті атқарушы биліктің қолдауы арқасында Ауған соғысының ардагерлері мен қаза тапқан жауынгерлерінің жесірлері коммуналдық төлемдерден босатылған.

«Бізге қолдау білдіретін жергілікті билікке көп рахмет», -дейді 1 топтағы мүгедек, интернационалист жауынгер, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Бекболат Еренов.

Соңғы жаңалықтар