Ақтөбелік кассир букмекерлік кеңсе тоналды деп өтірік хабар берген

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде букмекерлік кеңсе кассирі құрбысымен бірге кеңсені тонап кетті деп өтірік айтқан, деп хабарлады облыстық ІІД-ден.

Ақтөбелік кассир букмекерлік кеңсе тоналды деп өтірік хабар берген

21 жастағы кассир қыз полицияға қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлаған. Жедел тергеу тобына ол 25-30 жастағы азиаттекті қарақшылар шабуыл жасап, кеңесеге келіп, пышақпен қорқытқанын және 400 мың теңге көлеміндегі ақшаны кассадан алып кеткенін айтқан.

Полиция қызметкерлері «қарақшылық» бабы бойынша іс қозғаған, жақын маңдағы үй тұрғындарынан сұрастырып, таяу жердегі мекемелердің бақылау камераларын бақылаған. Алайда ол еш нәтиже бермеген. Тергеу барысында олар жапа шегуші мен оның құрбысынан күдікті әрекет байқаған.

Зардап шегушілердің бірінің телефонын қарау кезінде қыздардың бір-бірімен сөйлескен смс-хабарламалары табылған. Онда кассир қыз сол күні ұтыс тіккен кезде ірі ақша сомасынан ұтылғаннан кейін, дереу арада ақша керек екенін айтқан.

Содан кейін полиция қызметкерлеріне жалған зардап шегуші букмекерлік кеңсе баcшысының тарапынан жауапкершіліктен қашу мақсатында өтірік ұрлық жасалғанын көрсеткен. Қосымша тергеу барысында қылмыстық істің фигуранттары бұл істі өздері жасағандарын мойындады.

Қылмыстық іс оны жасағандардың жоқтығына байланысты тоқтатылды.