Ақтөбелік шенеунік мектеп құрылысына бөлінген 60 млн теңгені қалтасына басқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы мектеп құрылысына бөлінген 60 млн теңгені ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ақтөбе облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Мұғалжар ауданында мектеп құрылысына бөлінген 60 млн теңгені мердігер ұйым басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы ұрлау күдігіне ілінді»,- делінген таратылған ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар