Ақтөбелік террористер фильмге түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық прокуратурасы азаматтарды радикалды көзқарасты діни ағымдардан қорғау мақсатында «Құрбандар» атты деректі фильм түсірді. Туынды «Тұрақтылыққа - діни сауаттылық арқылы» атты экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бағдарламасы аясында жүзеге асты. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.
«Фильмде терроризм бабы бойынша сотталғандар, олардан жапа шеккендер және діни экстремизм арбауына түскендер жайлы әңгімеленеді. Онда кейіпкерлер өздерінің бастарынан өткен жағдайларды баяндап, ең бастысы алданғандарын, діни уағыз жүргізушілердің айтқанына еріп құрбан болғандарын, істеген істеріне өкінетіндіктерін айтып, өз жолдарын өзге азаматтардың қайталамауын сұрайды», - делінген баспасөз баянында.
Енді бұл фильм облыс аумағындағы мектептердің барлығында көрсетіліп, жастар арасында да кеңінен таралатын болады.