Ақтөбелік ұшқыштар халық шығармашылығы фестивалінде көш бастады
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, шараға 8 ұжым, атап айтқанда: 6655 және 30238 әскери бөлімдері, Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты, Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент, Ақтөбе заң колледжі, Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Есет батыр атындағы полиция мектеп-интернаты, Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті атсалысты.
Фестиваль-конкурстың шарты бойынша ұжымдар 15-20 минуттық тақырыптық көпжанрлы бағдарлама ұсынды. Екінші орынды - Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұжымы, ал үшінші орынды - Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің ұжымы жеңіп алды. Ал ынталандыру сыйлығы 6655 әскери бөлімге бұйырды.