Ақтөбелік жігіт кранмен көтеріліп, қызына терезеден сезімін білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбелік жігіт өз сүйіктісіне сезімін елден ерекше жолмен білдірді. Бұл туралы Instagram-дағы aktobe_zello парақшасында хабарланды.

Ақтөбелік жігіт кранмен көтеріліп, қызына терезеден сезімін білдірді

Ақтөбедегі Сәңкібай батыр көшесінде болған бұл оқиғаға арудың көршілері мен көшеден өтіп бара жатқан адамдар куә болған. Жігіт өз сезімін білдіру үшін қолына бір шоқ гүл мен шар ұстап, кранның көмегімен үшінші қабатқа көтерілген. Осы сәтке куә болған адамдар ғашық жігітке қошамет көрсетіп, қиқулап сала берген.

«Мен Асxат пен Құралайдың қарым-қатынастарына куә болып келе жатқан жандардың бірімін. Екеуі қол ұстасқалы маxабаттың өтетін сынақтарынан өтті, ал қуанышты күндері бөлек әңгіме ғой. Болашақ дәрігерлер. Құралай, алтыным бүгінгі күнің осындай ұмытылмастай боп өткеніне, қуанышыңа ортақпын!!! Бақытты отбасы болуларыңа тілеулеспін! Асxат сені бақытты етеді де ғой, куәмін, сенімдімін!» деген пікір қалдырды _abaikyzy_ атты желі қолданушысы. 

Предложения руки и сердце, пр. Санкибай-Батыра 13.01.2017

Видео опубликовано Aktobe Zello - Official Page (@aktobe_zello) Янв 13 2017 в 5:53 PST