Ақтөбеліктер бір тәулікте 10 мың ағаш отырғызды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі жалпы қалалық сенбілікте 10 мыңнан астам көшет отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеліктер бір тәулікте 10 мың ағаш отырғызды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Достық» саябағының көгалдандыру жұмысына қатысты. Оның аумағында Қытай, Түркия, Германия, Словакия, Ресей және басқа елдерден келген 50 шетелдік компанияның ұжымы 1000-нан астам көшет отырғызған.

«Күн өткен сайын Ақтөбе әдеміленіп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, экологияны жақсарту және қаланы көгалдандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп, Ақтөбе тұрғындарының бос уақытын өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Тек соңғы үш жылда Ақтөбеде 48 жаңа саябақ және алаңдар ашылды», - деді облыс әкімі.
null

Ол сондай-ақ азаматтарды облыс орталығын абаттандыру және көгалдандыру ісіне белсене қатысуға шақырды.

Сенбілікке 8 мыңнан астам адам және 100 техника жұмылдырылды. Саябақтар, алаңдар мен көшелер тазартылды. Қоқыс алаңына 70 тонна қоқыс апарылды. 10 мың көшет (тал, қарағай, аққайың, терек, алма) және 500 бұта отырғызылды.

Табиғат және табиғат ресурстарын пайдалану басқармасының мәліметінше, осы жылдың күзінде Ақтөбе облысында 40 мыңнан астам ағаш отырғызылады.

null