Ақтөбелік азамат үйіне ұрлыққа түскен екі адамды ұстап алды
Жедел басқару орталығына жекеменшік үйдің ауласында екі ұры ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Көп ұзамай оқиға орнына полицейлер жеткен. Каzinform бұл туралы Диапазон-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Жұмыстан кейін пәтеріне келген үй иесі кір жуатын бөлмедегі терезенің сынғанын көрген. Артынша ол үйде бейтаныс екі адамды байқап қалып, оларды қолға түсірген.
Ұсталғандар - бұрын сотталған 44 және 48 жастағы ақтөбелік азаматтар. Екеуі проектор, үтік, теледидар және алюминий мәнті пісіргішін ұрламақ болған.
Қазіргі кезде аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.