Ақтөбеліктер наурыз айында 3 күн бойы қоғамдық көлікте тегін жүреді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – 8, 15 және 22 наурыз күндері Ақтөбе қаласында қоғамдық тасымал тегін ұйымдастырылады.

Ақтөбеліктер наурыз айында 3 күн бойы қоғамдық көлікте тегін жүреді
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде барлық тасымалдаушы компания өз келісімін берді.

– Қала әкімінің қаулысы бойынша Халықаралық әйелдер күні, Республикалық референдум өтетін күні және Наурыз мерекесінде тұрғындар мен қала қонақтары қалалық автобустарда тегін жүреді. Ақтөбе қаласында 46 бағыт бойынша 6 компания қызмет көрсетеді. Олар: «Автопарк» ЖШС, «Қызмет Ақтөбе» ШЖҚ КМК, «Qala Trans» ЖШС, «Akzhayik Avtopark» ЖШС, «RTT Group» ЖШС, «ТК ЖТК» ЖШС, - деді Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Байменова.

Ал Шымкентте 14 мыңнан астам ана мереке қарсаңында қосымша жәрдемақы алады. Біржолғы әлеуметтік төлем 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (21 625 теңге) беріледі. Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум