Ақтөбенің 22 cауда нүктесінде арзан азық-түлік сатып жатыр
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде тұрақтандыру қорындағы азық-түлікті 22 cауда нүктесінен сатып алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жергілікті атқарушы билік әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны негізсіз өсірмеуді бақылауда ұстайды. Қордағы тауарларды әлеуметтік дүкендерден сатып алуға болады. Ерекшелігі, нарықтағы бағамен салыстырғанда 20-30 пайызға арзан.
«Қазір тұрақтандыру қорында ең қажетті әр түрлі азық-түлік тауарларының 1000 тоннасы әкелінді. Негізінен қордағы тауарлар маусым аралық кезеңде, баға көтерілетін кезеңдер, тапшылық туындайтын тұстарда сатылымға шығаруға, бағаны ұстап тұруға негізделген. Кез келген шаруаның, мысалы, көкөнісін сақтайтын, өткізетін орны болмауы мүмкін. Сондай кезде тұрақтандыру қорының көмегі зор», -дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан Әжниязов.
Зада Зейін