Ақтөбенің Алға қаласындағы бірнеше көшеге қазақша атау берілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының Алға қаласындағы 4 көшенің атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған аудан әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың шешімінде жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің Алға қаласындағы бірнеше көшеге қазақша атау берілмек

«Алға қаласының Комсомол көшесі – Жастық, Ленин көшесі – Республика, Фрунзе көшесі – Шапағат, Чапаев көшесі – Азаттық көшесі болып аталсын», - деп көрсетілген ашық талқыға шығарылған шешімде.

Ұсынысты ашық талқылау 19 желтоқсанға дейін жалғасады.

Қоса кетейік, Астана қаласының әкімдігі елорданың шет аумағындағы әл-Фараби даңғылы сол жағалауға көшірілетінін мәлімдеген болатын.