Ақтөбенің айналасындағы азық-түлік белдеуінің таныстырылымы болды

ӨБЕ. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін облыс әкімі Елеусін Сағындықов пен Индустрия және сауда вице-министрі Ерхат Есқалиев «Табыс» базарында болған кезде Ақтөбенің айналасындағы азық-түлік белдеуінің таныстырылымы өтті.
None
None

«Ақтөбе айналасында азық-түлік белдеуін жасау ауқымында біз бір жарым жыл ішінде бірқатар жұмыстар жүргіздік, проблеманы шешуге кластерлік тұрғы қалыптастырылды. Бұл астық, ет, көкөніс, сүт, өсімдік майы кластерлері және кадрлық қамтамасыз ету. Тұтастай алғанда, салаға 3,5 млрд. теңге инвестициялар салынды, өндіріс көлемі 37,7 млрд. теңгені құрады», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ізбақ Өмірзақов.

Бұдан кейін әрбір кластер бөлек-бөлек таныстырылды, ал неғұрлым ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шикізат өңдеушілер өз жұмыстары туралы айтып берді.   

Мысалға, астық кластері 440 шаруашылықты, 11 элеваторды, 13 диірменді, 15 наубайхананы біріктіреді. Шаруашылықтар техникамен, жанар-жағармайларымен қамтамасыз етілген, өнімді өткізу мәселелері шешілуде.

«Осының арқасында Ақтөбе облысы жыл сайын 415 мың тонна астық өндіріп,  100 мың тоннаға жуық ұн шығара алады, - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Ерсайын Әжібаев. - Біз орташа өз тұтынуымыздан 2,5 есе көп астық өндіре аламыз. Тіпті қуаңшылық жылының өзінде 250 мың тоннаға жуық астық өсіруге болады, бұл тұтыну қажеттігінің 174 пайызын құрайды. Республикада бізде ең арзан нан шығарылады. Біздің 200 мың тонна астық және 36 мың тонна ұнды экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар».

Ет кластері 240 шаруашылық субъектілерін біріктіреді, оның 196-сы етті  өндірумен және өңдеумен айналысады.  Сүт кластері ауқымында ақтөбеліктер өздерін сүт өнімдерімен қамтамасыз етумен қатар ірі сүт зауыттарының базасында екі тауарлы-сүт фермалары құрылысын бастаған.  

Ақтөбеліктерді өз көкөністерімен қамтамасыз ету үшін соңғы жылдары картоп пен көкөніс егісінің көлемі 2 есе ұлғайтылды.  «Пригородный» ЖШС жерді тамшылатып суару нәтижелерін ұсынды. «Мәселен, пияздың шығымы гектарына 50 центнерді құраған, бұл биылғы құрғақшылыққа қарамастан, өте жақсы көрсеткіш. Барлық үмітіміз ақталды, электр мен суды да үнемдедік», - дейді шаруашылық басшысы.

Облыс әкімі Елеусін Сағындықов оған «Қала айналасында көкөніс пен картоп егісін өсіру мүмкіндігі мол, алқаптарды кеңейту қажет», - деп кеңес берді.

Ақтөбе айналасында азық-түлік белдеуін құру ауқымында жылына 2500 тонна шошқа етін өндіретін Бестамақ мал шаруашылығы кешенін салу, 1200 тонна құс етін өндіретін «Аққұс» ЖШС екі құс фабрикасын жаңарту, жұмыртқа өндіретін «Рамазан» ЖШС өндірісін 1,5 есе арттыру, «Айс» ЖШС ірі тауарлы-сүт фермасын, «Ізет» ЖШС жылыжай комбинатын салу көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар