Ақтөбенің барлық мектептері мен балабақшаларына бейнебақылау камералары орнатылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің барлық мектептері мен балабақшаларына бейнебақылау камералары орнатылды. Бұған қалалық бюджет қаражаты жұмсалды.
None
None

«Бастапқыда мәслихаттың шешімімен 40 мектепте бейнебақылау камераларын орнату үшін 50 млн теңге бөлінді. Алайда мемлекеттік сатып алуды өткізу нәтижесінде қаражат үнемделіп, бөлінген қаржы 71 мектеп пен 50 балабақшада  бейнебақылау камераларын орнатуға жетті», - деді білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева.

Бейнебақылау камералары балалардың қауіпсіздігі үшін орнатылды. Л. Оразбаеваның сөзіне қарағанда, бұл мәселе соңғы 4 жыл бойы талқыланған, наурыз айында ғана өңір басшысы Бердібек   Сапарбаевтың қолдауы нәтижесінде мәселе шешімін тауып, қаражат бөлінді. 

Соңғы жаңалықтар