00:07, 28 Маусым 2018 | GMT +5
Ақтөбенің екі жаңа ауданының әкімдіктері жұмыстарын бастады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің екі жаңа ауданының әкімдіктері жұмысқа кірісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Мәжіліс барысында қала әкімі Ілияс Испанов биылғы жылы жергілікті атқарушы органдарды басқарудың құрылымы өзгергендігін атап өтті. 5 ауылдық округтің жұмысы тоқтатылып, оның орнына 2 аудан әкімдігінің жұмысы жолға қойылды.
Алматы ауданының әкімдігі «Нұр Ақтөбе» шағын ауданына жақын орналасқан. Аудан әкімінің міндетін Жаңа ауылдық округінің әкімі Алмас Әлімбаев атқарып отыр.
Астана ауданы әкімінің міндетін Благодарный ауылдық округінің бұрынғы әкімі Бақұзақ Дарин атқаруда.
Аудан әкімдіктерінде жұмыс мәжілістері өтіп, оның барысында бірінші кезекте қолға алынуы тиіс шаралар сөз болып, жұмысты одан әрі жалғастыру үшін атқарылуы тиіс істер бойынша нақты тапсырмалар берілді.