«Ақтөбенің» Еуропа лигасында қарсыласы қай команда болмақ?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Ақтөбе» футбол командасы өткен түнде Румынияның астанасы - Бухарест қаласында жергілікті «Стяуа» командасымен Чемпиондар лигасының қарымта матчын өткізіп, 1:2 есебімен қарсыласына жол берген. Бұл жеңіліс жерлестеріміздің ЧЛ-дың жарыс жолынан шығып қалуына себеп болды.
Бірақ, бұл Владимир Газзаевтың командасы еуромаусымнан мүлде шығып қалды дегенді білдірмейді. Олар енді Еуропа лигасына ауысып, сайысты одан ары жалғастырады.
Әзірше футболшыларымыздың нақты кімдермен кездесетіні белгісіз. Бірақ, жасыл алаңда кездесіп қалуы мүмкін қарсыластар мыналар:
- «Лион» (Франция);
- «Интер» (Италия);
- «Тоттенхэм Хотспур» (Англия);
- ПСВ (Эйндховен, Нидерланды);
- «Вилльяреал» (Испания);
- «Твенте» (Нидерланды);
- «Металлист» (Харьков, Украина);
- «Виктория» (Плзень, Чехия);
- ПАОК (Грекия);
- «Селтик» (Шотландия);
- «Брюгге» (Бельгия);
- «Днепр» (Украина);
- «Трабзонспор» (Түркия);
- «Панатинаикос» (Грекия);
- «Спарта» (Прага, Чехия);
- ЧФР (Клуж, Румыния);
- «Боруссия» (Мёнхенгладбах, Германия);
- «Реал Сосьедад» (Испания);
- «Янг Бойз» (Швейцария);
- «Динамо» (Загреб, Хорватия);
- «Локомотив» (Мәскеу, Ресей);
- «Рапид» (Австрия);
- «Цюрих» (Швейцария);
- «Национал» (Португалия);
- «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль);
- «Майнц 05» (Германия);
- «Лех» (Польша);
- «Шериф» (Молдова);
- «Халл Сити» (Англия);
- «Слован» (Либерец, Чехия);
- «Черноморец» (Украина).
«Астана» мен «Шахтер» аталмыш доданың плей-офф кезеңіне өтсе, осы тізімдегі командалардың біріне қарсылас атануы мүмкін.