Ақтөбенің шалғай ауданына талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды

АҚТӨБЕ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – «Қазақтелеком» АҚ Ақтөбедегі филиалы Шалқар-Ырғыз учаскесіндегі талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын аяқтады және Ырғыз ауданы орталығындағы АТС жаңартылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ырғыз қазіргі заманғы байланыс технологиясына көшірілген облыстағы соңғы аудан орталығы болып отыр. Облыстың осынау алыс ауданындағы телекоммуникация қызметі көп жылдар бойы «ДАМА» жер серігі байланысы арқылы жүзеге асырылып келгендіктен, ондағы қызмет түрлерінің көптеген заманауи түрлері шектеліп келген еді. Ендігі жерде ырғыздықтар сандық байланыстың сапалы қызметін тұтынып қана қоймай, Интернетті де кең түрде пайдаланатын болады. Жалпы сомасы 180 млн. теңге құраған жаңа жоба дәстүрлі телефон байланысы қызметінің торабын кеңейтумен қатар, ауыл тұрғындарының қазіргі заман талабына сай қызмет көрсетудің қосымша түрлерін де қоса пайдалануларына жол ашты. Сондай-ақ, аудан орталығында қондырғыларды алмастыру жолымен санды М-200 АТС-ы да жаңартылды, Құмтоғай, Құрылыс ауылдарындағы АТС-тар да жаңартылып, Нұра, Құйылыс ауылдарына сандық АТС орнатылып, пайдалануға берілді.
Соңғы жаңалықтар