Ақтоғайдан 35 шақырым жерде жоғалып кеткен ауыл тұрғынының мүрдесі табылды - Павлодар облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Ақтоғай ауданында 2 маусым күні жоғалған екі адамның бірі өлі күйінде табылды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

«Бүгін 43 жастағы Александр Дымовтың денесі аудан орталығынан 35 шақырым жерде Ертіс өзенінен табылды. Ал, онымен бірге іс-түссіз жоғалып кеткен аудандық полиция қызметкері Жәнібек Қасымовты іздестіру жұмыстары жалғастырылуда», - деді баспасөз қызметінде.

Естеріңізге сала кетсек, 2 маусым күні 35 жастағы Жәнібек Қасенов есімді учаскелік инспектор мен 43 жастағы Александр Дымов түнгі 23.00-ден кейін Ертіс өзеніне кеткен. Кейін өзен жағасынан олардың аударылған қайығы табылған. 

Соңғы жаңалықтар