Ақтоғайлық Дархан Жоламанов «Алтын белбеуді» жеңіп алды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 2 шілде. ҚазАқпарат - Қазақша күрес бойынша облыстық жарыста «Алтын белбеуді» Ақтоғай ауданының спортшысы Дархан Жоламанов жеңіп алды.
None
None

Жеңімпазды облыс әкімі Ерлан Арын құттықтап, оған 750 мың теңгеге сертификат тапсырды, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.

Жарысқа облыстың қалалары мен аудандарынан 40 балуан қатысты. «Ертіс-Баян арланы» мен «Ертіс-Баян сұңқары» белбеулерін Ертіс ауданынан Мұрат Бақыр мен Екібастұздың ауылдық аймағынан Арман Махамбетов иеленді.

Облыстық жарыстың қорытындылары бойынша екі жүлдегер Павлодар облысы атынан Астанада қыркүйек айында өтетін «Қазақстан барысы» республикалық жарысына қатысады.

Соңғы жаңалықтар