Ақтүтек боран: Ақтөбе облысында төрт бірдей республикалық жол жабық тұр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Ақтөбе облысының аумағында жабылған жолдар туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Ақтөбе өңірінде қатты боран соғып тұр. Осыған байланысты төрт республикалық тасжолдың учаскелері жабық.

Олардың қатарында «Самара-Шымкент», «Ақтөбе-Орск», «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» және «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» тасжолдары бар.

- «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбеден Қарабұтаққа дейінгі аралығы және БҚО шекарасынан Маржанбұлақ кентіне дейінгі аралығы жабық.

- «Ақтөбе-Орск» тасжолының Ш. Қалдаяқов ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралығы жабық.

- «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» тасжолының Сарыжар ауылынан «Лидер» ЖМҚС-на дейінгі аралығы жабық.

- «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» автожолының екі учаскесінде: Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына дейінгі аралығында және Қандыағаш қаласынан Атырау облысының шекарасына дейінгі учаскеде қозғалысқа шектеу енгізілді.

«Төтенше жағдайларды алдын алу үшін жабық жолдарға шықпай, ауа райының жақсаруын күткен абзал» деп ескертеді компания.


Соңғы жаңалықтар