Ақтүтек боран: Астанадан шығатын жолдар жабылып, қала маңына қатынайтын автобустар тоқтады

автобус
Фото: City Transportation Systems

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін таңертең Астанадан шығатын екі жол жабылып, қала маңына қатынайтын автобустар жүрмей қалды. 

Таңғы 6:00 кезінде қалалық төтенше жағдай департаменті «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының 16-200 шақырым аралығы, Астанадан Павлодар облысы шекарасына дейін жабылғанын хабарлады.

Сонымен бірге «Астана-Петропавл» жолының 18-232 шақырым аралығында да қозғалысқа тыйым алынған. Ол — Астанадан Щучье қаласына апаратын жол.   

Оған себеп — күшті жел, боран, жолда 50 метрге дейін ештеңе көрінбейді. 

Осыған байланысты City Transportation Systems компаниясы таңғы 07:00 бастап қала маңына қатынайтын № 305, 309, 312, 315, 316, 317, 327, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтайтынын мәлімдеді.

Қала маңына жүретін өзге маршруттар линияда.  

Еске сала кетейік, бүгін елордалық 0-4 сынып оқушылары үйден оқып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар