Ақы төлей алмаған елордалықтар автобуста тегін қатынауда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары қоғамдық көлікте тегін қатынауда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақы төлей алмаған елордалықтар автобуста тегін қатынауда

«Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - деді Ақмарал Олжабаева агенттік тілшісіне.

Оның нақтылай түсуінше, елордада интернет шектелген. Осыған байланысты банк қосымшасы арқылы жолақысын төлей алмаған жолаушылар діттеген жеріне тегін бара алады. Сонымен қатар жолаушылар арнаулы жол жүру картасы арқылы жолақыны төлей алады.

Бұған дейін елордада банктерден басқа барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаған едік. Кеше Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.


Иранда доллар бағамы тарихи максимумға жетті
Ұқсас жаңалықтар

Иранда доллар бағамы тарихи максимумға жетті