Ақылбек Күрішбаев жаңадан ашылатын ғылыми-зерттеу институтын басқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенат дептаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылған Ақылбек Күрішбаев қай салада жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, біздің еліміз – аграрлық мемлекет. Біздің болашағымыз мұнайға емес, аграрлық саланың дамуына байланысты. Сондықтан, алдағы жылдары Президент саясатының шеңберінде ауыл шарушылығы саласында үлкен серпіліс болады. Оны бәріміз білеміз және түсінеміз. Ондай серпіліс болу үшін бізге жаңа форматтағы кадрлар керек жаңа технологияларға ауысуымыз керек. Ол үшін мемлекетімізде халықаралық деңгейдегі белгілі шетелдің ғалымдарымен бірге заманауи ғылыми зерттеу университеті құрылады. Осы Президенттің жобасын іске асыруға сіздерден рұқсат сұрап, бара жатырмын», - деді Ақылбек Күрішбаев бүгін Сенаттың жалпы отырысында.

Еске сала кетсек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. А. Күрішбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтату жөнінде өзі өтініш жасаған.



Соңғы жаңалықтар