Ақын А.Бақтыгереева мен Мәжіліс депутаты Қ.Жақыповқа «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

ОРАЛ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгереева мен Мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповқа «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
None
None

Орал қалалық мәслихатының бас маманы Светлана Кенжебаеваның ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, қалалық мәслихаттың кезектен тыс 20-сессиясы осындай шешім қабылдады. Биыл алпыс бес жастың биігіне көтеріліп отырған Ақұштап Бақтыгереева қаланың мәдениеті мен өнерінің дамуына үлкен үлес қосып келеді. Ал Қабиболла Жақыпов кезінде Орал қаласының басшысы ретінде оның әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше еңбек сіңірді. Кейін Батыс Қазақстан облысының әкімі де болды.

Атақ беруде олардың белсенді қоғамдық қызметтері де ескерілді.

Соңғы жаңалықтар