10:38, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Ақжайық агротехникалық колледжінің оқытушылары Минскіге аттанды
ОРАЛ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданындағы агротехникалық колледждің алты оқытушысы мен өндірістік оқыту шебері Беларусь еліне жол тартты.

Олар Минскідегі «Туран-Профи» халықаралық кәсіптік академиясында біліктілікті арттыру курсынан өтеді. Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігінің кәсіптік-техникалық білімді дамытуға арналған грантын ұтып алудың арқасында мүмкін болды. Осы грантпен колледжге біраз техника келді. Енді грант шартына сәйкес біліктілікті арттыру жөнінде ауқымды жоспар жүзеге аса бастады. Колледждің барлығы 20 ұстазы осындай оқу курстарынан өтпек.