«Ақжайық» допты хоккейшілері жастар арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайды
«Ақжайық» спорт клубының бас директоры Нұфтолла Түменовтің айтуынша, қазіргі кезде команда белгілі хоккейші-бапкер, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, осыған дейін бас құраманың тізгінін ұстаған Александр Ионкиннің басшылығымен жаңа маусымға дайындалуда.
Ақ Жайық хоккейшілерінің әлем біріншілігіне қатысуына байланысты жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионаты екінші тобының ойындар кестесіне өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, «Динамо-Қазан-2» мен «Ақжайық» командалары арасындағы екі ойын 21-22 желтоқсанда емес, 6-7 желтоқсанда өтетін болды. Сөйтіп бұл «Ақжайық» допты хоккей командасының 2011-2012 жылғы Ресей біріншілігіндегі беташар матчтары болмақ. Сондай-ақ «Ақжайықтың» Самараның ЦСК ВВС командасымен өз айдынындағы кездесулері 17-18 желтоқсаннан алдағы жылғы 22-23 ақпанға қалдырылды. Соған сәйкес «Волга-2» (Ульяновск) мен ЦСК ВВС клубтары арасындағы ойындар 22-23 ақпанда емес, 21-22 желтоқсанда өтетін болды.