12:29, 14 Қазан 2012 | GMT +5
Ақжайық өңірін мекендейтін киіктерге микрочипы бар қарғыбау салынды
АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Ел аумағында дала аруы - ақбөкендер жылдан жылға азайып барады. Соңғы үш жылда Ақжайық өңірінде жұқпалы аурудан мыңдаған киіктер қырылды.
Осы қауіптің алдын қалай алуға болады? Аталған мақсатта Орал өңірін мекендейтін киіктердің жүзден біріне арнайы микрочипы бар қарғыбау салынып, паталогиялық жағдайын тексеру ісі қолға алынды, деп жазады «Егемен Қазақстан» басылымы.
- Мұндай микрочиптер спутниктік жүйе арқылы ақбөкендердің көші-қонын,
олардың көбею үрдісін бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жұқпалы паталогиялық аурулардың алдын алу үшін тиісті сараптамалар жүргізуге қолайлы жағдайлар туғызады. Сонымен бірге ақбөкенді ұстап алып оның бойынан сынақ үлгілерін алу ісі де қолға алынбақ, - деді бұл жөнінде Батыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы Қайролла Кенжеғараев.