«Ақжайық» өз алаңындағы алғашқы ойынында жеңіске жетті

None
None
ОРАЛ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» өз алаңындағы алғашқы ойынында жеңіске жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Футболшылар мен стадионға жиналған жанкүйерлерді Оралда кезекті маусымның ашылуымен облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Бұдан бұрынғы сырт алаңдағы екі ойынында да жеңіске жеткен «Ақжайық» бұл жолы да ширақ қимылдады. Қарағандының «Гефест» командасын қабылдаған оралдықтардан алғашқы допты Алексей Мальцев соқты. Сөйтіп ол биылғы маусымда қарсыластар қақпасына енгізген доп санын үшеуге жеткізді. Екінші таймда Мейрам Сапанов есепті еселеп, «Ақжайық» ( 2:0 ) жеңіске жетті. Үш ойыннан кейін оралдықтар тоғыз ұпай жинады, яғни бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ.
Соңғы жаңалықтар