«Ақжайық» өз айдынында ірі есеппен жеңіліп қалды

ОРАЛ. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» бүгін «Жастық» стадионында Мончегорскінің «Кольская ГМК» командасымен екінші кездесуін өткізді.
None
None

Ойын қонақтардың айқын басымдылығымен өтіп, 0:10 есебімен аяқталды. Сөйтіп «Ақжайық» бірінші топта көш бастап келе жатқан командаға осымен екінші рет есе жіберді.

«Ақжайық» қазір 12 ұпаймен өз тобында төртінші орында келеді. Келесі ойындарын оралдықтар өз айдынында 12-13 ақпанда «Мурман» (Мурманск), 16-17 ақпанда «Вымпел» (Королев) командаларымен өткізеді.

Соңғы жаңалықтар