«Ақжайық» өз айдынында ірі есеппен жеңіске жетті

ОРАЛ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» ақпанның 4-інде «Волга-2» (Ульяновск) командасын қабылдап, 9:1 есебімен жеңіске жетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оралдықтардың айқын басымдылығымен өткен ойында Сергей Харольский, Эдуард Кондратьев сынды хоккейшілер мергендік танытты. Қазіргі кезде қоржынындағы 30 ұпайымен өз тобында алда келе жатқан «Ақжайық» ертең қонақтармен қарымта кездесуін өткізеді.
Соңғы жаңалықтар