«Ақжайық» өз айдынында Қазанның «Ракета» командасын ұтты

ОРАЛ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» кеше өз айдынында Қазанның «Ракетасын» қабылдады,

«Ақжайық» өз айдынында Қазанның «Ракета» командасын ұтты
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қарсыластарынан әлдеқайда ширақ ойнаған оралдықтар 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бүгін «Ақжайық» қарымта кездесуін өткізеді. Қалған ойындарын өз айдынында өткізетін «Ақжайықтың» өз тобында бірінші орынды иеленіп, финалдық сайыстарға жолдама алуға толық мүмкіндігі бар.