«Ақжайық» спорт клубында өзгерістер болмақ

ОРАЛ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Ақжайық» спорт клубында өзгерістер болмақ,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Клуб директоры Ерген Орынбасаровтың айтуынша, «Динамо» спорт қоғамымен бірлесе отырып, «Ақжайық-Динамо» деп аталатын допты хоккей командасын дамыту ҚР Ішкі істер министрлігімен бірге қолға алынатын болады. Хоккейшілер соған сәйкес қызмет етіп, жалақы алмақ. Кезінде Алматының «Динамосы» допты хоккейден көптеген биіктерді бағындырғаны белгілі. Бұл, бір жағынан, осы даңқты жолды жалғастыру бағытында жасалып отыр. Биылғы қаңтарда допты хоккейден Қазақстан құрамасы Мәскеуде өтетін әлем чемпионатына қатысатын болса, келесі жылы қысқы Азия ойындары күтіп тұр. Мақсат - осындай додаларда биіктен көріну. Қазіргі кезде «Ақжайық» спорт клубында шеберлер командасымен қатар дайындық тобы да бар. Яғни допты хоккейдің ертеңі де бар деген сөз.

Биыл «Ақжайық» футбол командасы суперлигада өнер көрсететіні белгілі. Соған байланысты ФИФА талабына сәйкес олар акционерлік қоғам болып құрылып, «Ақжайық» футбол клубы ретінде бөлек енші алып шығып отыр.

Соңғы жаңалықтар