«Ақжайық» табиғи резерватында 7-інші күн өрт жалындап жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Каспий жағалауындағы «Ақжайық» резерватында 7-інші күн өрт жалындауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, бүгінге дейін өрт салдарынан Каспий жағалауындағы 10 гектар қамыс қопасы жанып кетті. Сондай-ақ жалын Кеңөзек ауылдық округіндегі 5 гектар жерді шарпыды. Өрт 22 тамыз күні осы ауылдық округте басталып, «Ақжайық» табиғи резерватына ауысқан болатын.

Тілсіз жаумен күреске резерваттың 15 қызметкері, екі өрт сөндіру машинасы және мотопомпасы бар екі қайық жұмылдырылған. Батпақты жерлермен өту мүмкіндігінің жоқтығы өрттің шығу ошақтарына жетуге қиындық туғызуда.

Соңғы жаңалықтар