Ақжайықта «Радуга» славян мәдени орталығы ашылды

ОРАЛ. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамы қарсаңында Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында «Радуга» славян мәдени орталығы ашылды.
None
None

Ауданда барлығы 21 ұлт өкілі тұрады, олардың 94 пайызы түпкі жұрт. Орыс, украин, беларус, құмық, мордва, чуваш өкілдері де Отанымыздағы бірлікті, тұтастықты таусылмас бақыт деп біледі. «Жастар» мәдени-демалыс орталығы ғимаратының үлкен бөлігіне орналасқан «Радуганың» ашылуына жиналған көпшілікті ауданы әкімі Нариман Төреғалиев Наурыз және онымен тұстас келетін Масленица мейрамымен құттықтады. «Сан ғасырдан бері қазақтың кең даласына көптеген ұлт, ұлыстардың ұрпақтары келіп орнығып, бір-бірімен тамыр, дос болып, тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр. Дархан көңілді, кең пейілді жұртымыз оларға құшағын ашты. Бұл - біздің тарихи қасиетіміз, өсіп, өркендеуіміздің басты негізі. Қазақстандағы достық пен бауырмалдық туының астына біріккен тұрғындардың қажырлы еңбегінің арқасында елімізді бүгін дүние жүзі мойындап отыр. Татулықтың арқасында біздің өңірімізде де игі өзгерістеріміз күн өткен сайын көбеюде», -деді ол.

Орыс православие шіркеуінің Оралдағы епархиясы өкілі Владимир Картяжников орталыққа Орал және Ақтөбе архиепископы Антонийдің тілегін жеткізді. Аудандық мәслихат хатшысы Дәулетжан Жақсыбаев, «Радуганың» жетекшісі Валентина Боричевская және басқалар ұлттық орталық құрылуының мәні, әр қазақстандықтың отансүйгіштік, достық қасиеттері туралы әңгімеледі.

Қалың қауым алуан ұлттың тұрмыс, еңбек құралдары, бұйымдары қойылған көрмемен танысты. Сахна төрінен Отан, бейбіт тірлік жайында әндер әуеледі.

Орталық қазақстандық құндылықты, «Қазақстан - 2050» стратегиясын насихаттап, жас ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосу мақсатында жұмыс жасайтын болады.

Соңғы жаңалықтар