14:05, 01 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Ақжайықта жаңа дәріхана ашылып, аудандық ауруханаға реанимобиль берілді
ОРАЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ақжайық ауданының денсаулық сақтау саласында бір күнде екі ерекше жақсылық болды.

Өткен жылы Чапаевта пайдалануға берілген жаңа көпсалалы емхана ғимаратында дәріхана ашылды. Сонымен қатар аудандық ауруханаға су жаңа реанимобиль берілді.
Осы орайда болып өткен салтанаттарда жиналған қалың қауымды аудан әкімі Абай Иманғалиев, облыстық клиникалық аурухананың директоры Ерлан Тоқсанов құттықтады. Жаңа медициналық көлік, мәселен, сырқаттың өкпесіне ауа айдайтын аппаратпен, кардиомонитормен, инфузоматпен жабдықталған.