Ақжайықта «Жұбан елі - жыр әлемі» атты ақындар айтысы мәреге жетті

ОРАЛ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында «Жұбан елі - жыр әлемі» атты облыстық ақындар айтысы мәреге жетті.
None
None
Оған Жансая Мусина (Бөкей ордасы), Айнабек Бисенғалиев (Ақжайық), Мұрадым Мирланов (Қазталов), Талғат Мықи (Орал), Эльдар Иқсанов (Теректі) сынды алды республикалық айтыстарда жүлде алып жүрген жас ақындар қатысты. Ақындар алдымен Жұбан Молдағалиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ауылдың көрнекті орындарында болды. Оларды аудан әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматова қабылдап, ел тарихы, жас ұрпақ тәрбиесі тақырып болып көтерілетін бұл облыстық шараның мазмұнды өтеріне тілегін арнады. Айтыс та көпшілік көңілінен шығып, ауыл тұрғындарын бір серпілтіп тастады. Ақындар тапқыр сөздерімен, әдемі әзілдерімен көзге түсе білді. Сайыс қорытындысында Жансая Мусина бас жүлдені жеңіп алды. Басқа жүлдегерлер де сый-сияпатсыз қалған жоқ. Бұл - биыл Ақжайық ауданында ұйымдастырылып отырған осындай екінші айтыс.
Соңғы жаңалықтар