Ақжайықтық Ж. Ғазизов республикалық «Ақбидай» ойындарында жеңімпаз атанды

ОРАЛ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында өткізілген республикалық IV «Ақбидай» ауыл спорты ойындарында Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылынан барған Жанәділ Ғазизов теңге ілуден жеңімпаз атанды.
None
None

Аталмыш жарысқа Ақжайық ауданынан 11 спортшы қатысты. Чапаевтық С. Ералиева (қыз қуу), С.Қайбалиев (гір спорты), Г. Липатова, Е. Пальгова, Қ. Гильманова (әйелдер волейболы), сарытоғайлық Б. Қайырғали (ерлер волейболы), базаршоландық Е. Жанат (армрестлинг), құрайлысайлық Ж. Ғазизов (теңге ілу), көнеккеткендік А. Саркеленов (көкпар), қарауылтөбелік О. Хасанов, С. Хасанов (армрестлинг) ортақ жетістікке сүбелі үлестерін қосты. Ал Ж. Ғазизов БҚО құрамасы сапында жалғыз алтын медальдің иегері атанды.

Соңғы жаңалықтар