Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы жөніндегі жұмыс отырысы басталды

АЛМАТЫ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның Болон үдерісіне қосылу жөніндегі жұмыс отырысы басталды.
None
None
Бұл екі күндік халықаралық форумға Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев және Еуропа кеңесі мен Болон үдерісінің жұмыс тобы өкілдері қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі халықаралық форумға Еуропа елдерінен Болон үдерісі және Университеттердің ұлы хартиясы обсерваториясының негізгі ұйымдастырушылары қатысып отыр. Осы жиын аясында Қазақстанның Болон үдерісіне қосылу қадамдары төңірегінде ұсыныс-пікірлер ортаға салынады, сұхбаттар ұйымдастырылады. Еуропалық мамандардың пікірінше, біздегі жоғары білім деңгейі талаптарға сай келеді. Сондықтан бүгінгі шара осы жолда жасалып жатқан үлкен жұмыстардың бірі деп есептеуге болады», - деді министр Ж. Түймебаев.Форум республиканың жоғары оқу орындарында Болон принциптерін енгізу жетістіктері мен тәжірибелерін айқындайтын көрменің ашылуымен басталды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов бастаған университет ректорлары Еуропадан келген қонақтарға еліміздегі жоғары оқу орындары қол жеткізген жетістіктермен таныстырды. Көрме соңында ҚазҰУ көркемөнерпаздар үйірмесінің ұйымдастыруымен концерт қойылды. Ертең отырыс қорытындысы бойынша жоғары білім жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне енуі мен үйлесуі және Қазақстанның Болон декларациясына қол қоюы жөніндегі қарар қабылданады.
Соңғы жаңалықтар