Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегациясы АҚШ-тағы зерттеу университеттерінің қызметтерімен танысуда
18 қарашаға дейін олар Даремдағы Нью-Гэмпшир университетін, Берклидегі Калифорния университетін, Пало-Альтодағы Сан-Франциско, Стэнфорд университеттері сияқты жетекші оқу орындарын аралайды. Сондай-ақ әйгілі «Силикон жазығында» болып, Google Inc, HP, Cisco, Chevron Energy Solutions сияқты тағы басқа да корпорациялардың өкілдерімен кездесіп ғылым және бизнес әріптестігі, инновацияны енгізу тақырыптарын талқыламақ. Сапар барысында ҚазҰУ ректоры АҚШ-тағы Қазақстан Елшісі Ерлан Ыдырысовпен, ЮНЕСКО-ның Нью-Йорктағы байланыс бюросының директоры Филлип Криделькомен кездесіп, ғалымдар және студенттер алдында дәріс оқымақ. Сондай-ақ, бағдарлама аясында Вашингтондағы шынайы тарих ұлттық мұражайына, АҚШ Конгресс кітапханасына барады деп жоспарлануда.