Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-да Сиань политехникалық университетінің филиалы ашылады

None
СИАНЬ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Олардың арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситеті (ҚазҰУ) мен Сиань Солтүстік-Батыс политехникалық университеті (ССБПУ) арасындағы ҚазҰУ жанынан ССБПУ филиалын ашу туралы келісім бар.

Бұдан бөлек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қытай мұнай университетімен ынтымақтастық орнату туралы келісім жасасты.

Сондай-ақ қазақстандық тағы бір ЖОО – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Қытай Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылықтары университетімен ынтымақтастық жөнінде келісті.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қытай Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз барысында: «ҚХР-да техникалық білім сапасы жоғары екенін ескере отырып, Қазақстанда Қытайдың ірі жоғары оқу орындарының бірінің филиалын ашуға мүдделі екенімізді тағы да атап өткім келеді», - деп атап өткен болатын.

Қол қойылған құжаттар арасында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім» бар.


Соңғы жаңалықтар