Әл-Фарабидегі жол апаты бойынша Александр Пак 10 жылға сотталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Әл-Фараби даңғылында болған жол апаты байланысты Zeekr жүргізушісіне сот үкімі шықты.
Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Еркін Майшинов 32 жастағы Александр Пакке үкімді жариялады:
* Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
* Сотталушы Пак өмір бойына жүргізуші куәлігінен (көлік басқару құқығынан) айырылды.
* Қаза тапқан қыздың әкесіне тиесілі талап арыз ішінара қанағаттандырылып, 10 миллион теңге көлемінде өтемақы белгіленді.
Еске салайық, бүгін жарыссөзде прокурор Александр Пакты 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
2026 жылғы 21 наурызға қараған түні Zeekr көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Іс бойынша сот отырысында жәбірленушілер Александр Пакке кешірім берді.
Сондай-ақ Әл-Фарабиде даңғылында болған жол апатының бейнежазбасы сотта көрсетілді.
Бірнеше куәгер сотта жаңа деректермен бөлісті.
Сондай-ақ сотта айыпталушы Александр Пактан жауап алынды.
Кейін жол апаты бойынша сотта іске жаңа жәбірленуші қосылып, ол сотталушыға ешқандай кешірім бермейтінін атап өтті.
Кейін жол апаты бойынша сотта іске жаңа жәбірленуші қосылып, ол сотталушыға ешқандай кешірім бермейтінін атап өтті.