Al Hadath: Газада ХАМАС ұйымының көшбасшыларының бірінің денесі табылды

АСТАНА. KAZINFORM – Газа секторының оңтүстігінде ХАМАС палестиналық радикалды қозғалысы көшбасшыларының бірі Мохаммед Синвардың денесі табылды. Бұл туралы Al Hadath телеарнасы хабарлады, деп жазады ресейлік ТАСС.

Хамас
Фото: EPA / ТАСС

Дереккөздің мәліметтерінше, ХАМАС саяси бюросының бұрынғы басшысы Яхья Синвардың бауыры мен тағы 10 содырдың денесі Хан-Юнис қаласының маңындағы туннельден табылды.

ХАМАС қозғалысы әзірге бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.

13 мамыр күні Израильдің қорғаныс армиясы Хан-Юнистегі еуропалық аурухананың астындағы штабқа соққы бергенін мәлімдеген болатын. Көзделген нысан ХАМАС-тың әскери қанатын басқаратын Мухаммед Синвар болатын, деп хабарлады Израильдің Kan мемлекеттік телерадиокомпаниясы.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Израиль Газаға ауқымды шабуылды бастады.

 

Соңғы жаңалықтар