Қатар астанасында жарылыс болды

АСТАНА. KAZINFORM – Қатар астанасында соққы жасалған ғимаратта палестиналық ХАМАС қозғалысы басшылығынан кемінде 4 адам болған. Бұл туралы Al Hadath телеарнасына сілтеме жасап ресейлік ТАСС хабарлады.

Дохадағы соққы кезінде ғимаратта ХАМАС-тың саяси бюросының 4 мүшесі болған
Фото: euronews.com

Телеарна дереккөзінің хабарлауынша, ХАМАС-тың Газа секторындағы көшбасшысы мен келіссөздер тобының жетекшісі Халиль аль-Хейя, қозғалыстың шетелдегі кеңсесінің басшысы Халед Машааль және радикалдардың Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы ұяшығының қолбасшысы Захер Джабарин Израиль шабуылы салдарынан мерт болды.

Al Hadath дереккөздері сонымен қатар ХАМАС-тың саяси бюросының мүшесі Низара Аудаллының да көз жұмғанын растады.

Соққы берілген сәтте ғимаратта қозғалыс басшылығының тағы бір мүшесі Гази Хамад та болды, деп хабарлады телеарна. Алайда оның тағдыры туралы қандай да бір мәлімет жоқ.

Осыған дейін ХАМАС-тың шұғыл келіссөз өткізуге дайын екенін мәлімдегені туралы жаздық. 

 

Соңғы жаңалықтар